Ринат Заитов: Жалған сөйлеп, ақталудан аулақпын

Ринат Заитов: Жалған сөйлеп, ақталудан аулақпын

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандық белгілі айтыскер Ринат Заитов жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін мәлімдеме жасады. Ақын бұл қызметті мойнына алғандағы басты себебі не екендігін түсіндірді. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Заитовтың Instagram парақшасындағы жазбаға сілтеме жасап хабарлайды.

- Қадірлі ағайын, бүгін Алатау дәстүрлі өнер театрына қызметке тағайындалдым. Жалған сөйлеп, ақталудан аулақпын. Дегенмен де қайда барып, не істесем де барлығы әуелі Жаратушы, сонан соң өмірлік тілекшім, сақтаушым, жанашырым да Халық болғандықтан бір ауыз түсіндіріп өтейін. Адам бір нәрсеге қабілетті екенін көрсетпейінше, ешкімге ештеңені құр сөзбен дәлелдей алмайтыны айдан анық. Сондықтан маған берілген бұл мүмкіндік бірінші кезекте өзіме сынақ. Үш жүзге сөйлеп жүрген ақындарыңыз екі жүз адамды жұмылдырып жұмыс істете алмаса, оның пайдасы не?. Осы сөзбен келісетін шығарсыздар? Өмірдегі ең үлкен тілегім өз елімнің бір бұрышында Қазақ өнеріне адал қызмет ету ғана. Оны талай жерде айтып та жүрдім. Міне сол тілегімнің алғашқы күні бүгін өтті. Құттықтау артық. Сәттілік тілесеңіздер алғысым шексіз. Алматы қаласының, мәдениет басқармасының басшылығына сенім білдіргеніне көп рахмет. Әзірге осылай.... - деп жазды Ринат Зайтов.
Еске сала кетейік, Ринат Заитов күні кеше Алматыдағы Алатау дәстүрлі өнер театрының директоры қызметіне тағайындалған болатын.

Жүктелуде...