weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
9 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Биылдан бастап қазақстандықтардың шетелдердегі қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасу басталады

Биылдан бастап қазақстандықтардың шетелдердегі қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасу басталады

Биылдан бастап қазақстандықтардың шетелдердегі қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасу басталады
ашық дереккөзі
 width= Биыл қазақстандықтардың 100-ден астам юрисдикциядағы қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасу басталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Біз электронды шот-фактураларды пайдалану міндетті болатын субъектілердің тізбесін кеңейтуге ниеттіміз. Қазіргі кезде электрондық шот-фактураларды тек қосылған құн салығын төлеушілер, сондай-ақ, пилоттық режимде дәрілік заттар мен алтын кенін өткізушілер ғана қолданады», - деді ол. Министр капиталды шетелге шығаруға және экономиканы деофшоризациялауға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы және Халықаралық қаржы ұйымдарымен мәліметтерді электрондық алмасу аясында көпжақты конвенцияға қол қойылды. Осы жылдан бастап біздің азаматтарымыздың 100-ден астам юрисдикцияда қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасу басталады», - деді Ерұлан Жамаубаев.