Елімізде шекарадан өту тәртібіне байланысты өзгерістер енгізілді

Елімізде шекарадан өту тәртібіне байланысты өзгерістер енгізілді

ашық дереккөзі

 width= ҚР азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың ҚР Мемлекеттік шекарасынан өтуіне шектеу қойылған.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес еңбек етумен, емделумен, студенттердің жүріп-тұруымен байланысты бірқатар көрсеткішті және басқа да шұғыл жағдайларды қоспағанда ҚР азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың ҚР Мемлекеттік шекарасынан өтуіне шектеу қойылған, – делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.
Бұдан басқа, қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылғы 11 қарашадан бастап шекара маңы елдерінде ҚР азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың Мемлекеттік шекараны кесіп өтуі тәртібіне қойылатын талаптар қосымша күшейтілген болатын. Осылайша, Мемлекеттік шекараны кесіп өту жиілігі: емделуге бару, оқу, еңбек ету, отбасы мүшелерін жерлеу, отбасының ауыр науқастанған мүшелерін күту мақсатында бару және т.б. ерекше жағдайларда шектемей 30 тәулікте 1 реттен 90 тәулікте 1 ретке дейін өзгертілді. 2021 жылғы 2 ақпаннан бастап ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне бірқатар жеңілдетуді көздейтін өзгерістер енгізілді. ҚР азаматтары үшін де шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін де шекарадан өту жиілігі 3 есеге арттырылды (90 тәулікте 1 реттен 30 тәулікте 1 ретке дейін). ҚР азаматтары үшін де шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін де жоғарыда көрсетілген ерекше жағдайлардың қолданысы жалғасатын болады. Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен тікелей әуе қатынасы қайта басталған (жүйелі, жүйелі емес чартерлік рейстер) мемлекеттердің азаматтары қатарынан шетелдіктердің ҚР аумағы арқылы кіруіне/транзиттік кіру/шығуына, ҚР азаматтарының шетел мемлекеттеріне ұшуына рұқсат етілген.

Жүктелуде...