Жігіт қызбен бір реттік кездесуге 600 мың теңге жұмсаған

Жігіт қызбен бір реттік кездесуге 600 мың теңге жұмсаған

ашық дереккөзі

 width= Қызбен кездескен ақтөбелік қомақты қаржыдан айырылды. Жігіт қызбен танысып, үйіне барды. Ішімдік ішіп, келесі күні түсте бір-ақ оянған, деп жазады деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. Ер адам жуынуға кеткен кезде бойжеткенге телефонын берген. Ол жігіттің телефонындағы мобильдік қосымша арқылы тамаққа тапсырыс жасады. Бойжеткен тамақ таңдап қана қоймай, жігіттің есепшотынан өзінің танысына 600 мың теңге аударды. Ақша ұрланғанын ер адам кейін білді. Полиция айласын асырған бойжеткенді ұстады. Ол ақшаны танысына жіберіп, кейін өзі шешіп алғанын айтты. Ал сотта сол күні үйіне екі танысы келіп, жігіттің телефонын ашып, ақшаны алып қойғанын жеткізді. Өзін қорқытты деп ақталмақ болды. Судья күдікті сотта емес, тергеу барысында шындықты айтты деген шешімге келді. Ол сот үкімі бойынша екі жылын қоныс колониясында өткізеді. Сондай-ақ, жігітке 600 мың теңгесін қайтаруы керек.  

Жүктелуде...