Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері М.Арыспаев карантинді күшейтуге қатысты жаңа қаулы шығарды. Аталған қаулыға сәйкес:
- ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
- барлық ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, түнгі клуб, бар, караоке, бильярд, компьютерлік және ойын клубтары, батут орталықтары, кальяндық, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынады;
- театр, мәдени нысандардың жұмысына (жеке, топтық дайындықтарда бір мезгілде 30 адамнан аспайтындай етіп, келушілермен отыратын орындар санының 20% аспайтын толтырумен) рұқсат етіледі;
- 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық сақтау арқылы қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық автокөліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті болып табылады;
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін;
- контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат беріледі;
- сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.