Зарина Дияс Пераға кеткен есесін қайтара ма?

Зарина Дияс Пераға кеткен есесін қайтара ма?

ашық дереккөзі

 width= Теннистен 8-21 ақпан аралығында өтетін Australian open-2021 турнирінің бірінші айналымындағы спортшылар жұбы анықталған болатын. Зарина Дияс екінші айналымда америкалық Бернарда Перамен кездеседі. Екеуі былтыр АҚШ ашық чемпионатында ойнап, ол матчта Пера жеңген. Бұл туралы Руслан Меделбек facebook парақшасында жазды.
Теннистен Австралия ашық чемпионаты басталды. Зарина Дияс (әлемнің 81-ракеткасы) бірінші айналымда словениялық Тамара Зидансекті (88) екі сетте жеңді - 6:2, 7:5. Букмекерлер бұл ойында Зидансекті фаворит деген еді. Енді Дияс екінші айналымда америкалық Бернарда Перамен (63) кездеседі. Екеуі былтыр АҚШ ашық чемпионатында ойнап, ол матчта Пера жеңген. Есе қайтаратын кез. Сәлден соң кортқа тағы бір қазақстандық Елена Рыбакина (19) шықпақ. Қарсыласы ресейлік Вера Звонорева (156-ракетка) - деді.
Естеріңізге сала кетейік, Австралия Ашық чемпионатының негізі бөлігінде Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды: Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс және Ярослава Шведова. Бірінші айналымда Александр Бублик словакиялық Аляж Беденемен, Михаил Кукушкин әлемнің үшінші ракеткасы, австриялық Доминик Тиммен кездеседі.  Рыбакина ресейлік Вера Звонареваға қарсы шықса, Путинцева америкалық Слоан Стивенспен өзара кім мықтыны анықтайды.  Зарина Дияс словениялық Тамара Зиданшекке, Ярослава Шведова италиялық Камила Джорджиге қарсы ойнайды.

Жүктелуде...