Алматыда қазақстандықтардың деректерінен "бизнес" жасаған полиция тобы ұсталды

Алматыда қазақстандықтардың деректерінен "бизнес" жасаған полиция тобы ұсталды

ашық дереккөзі

 width= Алматыда бұрынғы және қазіргі полицейлер қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан. Бұл туралы ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов мәлімдеді.

"Алматы қалалық полиция департаментінің қазіргі және бұрынғы қызметкерлерінің қатысуымен қылмыстық топ құрықталды, олар азаматтық тұлғалардың жәрдемімен ведомстволық ақпараттық базаларды сату бойынша бизнесті жолға қойды. Дербес деректер үшінші тұлғалардың қолына өткен", - деді ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов.
Оның айтуынша, "бизнеске" полиция департаментінің қазіргі екі, бұрынғы үш қызметкері және бір азаматтық тұлға қатысқан. Барлығы сотталды.
"Олардың тікелей басшылары атқарып отырған лауазымдарынан босатуға дейін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Саданов.

Жүктелуде...