
Дубай – Алматы, Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды
Newsroom+ ақпарат агенттігі
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
Кеше Қазақстан аумағына Германия, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ және Тәжікстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келген.
2 474 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 712, ал 762 адамда анықтама болмаған.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қ. әуежайында – 9 рейс, 1 086 жолаушы, анықтамамен – 727, анықтамасыз – 359;
Алматы қ. әуежайында – 7 рейс, 1 248 жолаушы, анықтамамен – 920, анықтамасыз – 328;
Өскемен қ. әуежайында – 1 рейс, барлық 12 жолаушыда анықтама бар;
Орал қ. әуежайында – 1 рейс, 128 жолаушы, анықтамамен – 53, анықтамасыз – 75.
Коронавирусқа ПТР-тестілеуінің анықтамасы жоқ Қазақстан азаматтары анализ нәтижелері шыққанша карантин стационарына орналасады.
Ал 6 ақпандағы 484 жолаушының ішінен екі қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың біреуі – Дубай-Алматы, екіншісі – Франкфурт-Нұр-Сұлтан рейсімен ұшып келген.