Билл Гейтс пандемияның салдарынан туындаған екі қауіпті факторды атады

Билл Гейтс пандемияның салдарынан туындаған екі қауіпті факторды атады

ашық дереккөзі

 width= Microsoft негізін қалаушы, мультимиллиардер және филантроп Билл Гейтс Veritasium YouTube арнасына берген сұхбатында пандемиядан кейін климаттың өзгеруі мен биотерроризм адамзатқа үлкен қауіп әкелетіндігін айтты.  

«Олардың бірі – климаттың өзгеруі», – деді Гейтс әлем әлі дайын емес қауіптер туралы сұраққа жауап бере отырып.
Оның пікірінше, жыл сайын осы факторға байланысты өлім деңгейі қазіргі пандемия кезеңінен де көп болады.
Екінші қауіпті мультимиллиардер биотерроризм деп отыр. «Қоғамға зиян келтіргісі келетін адам вирус тудыруы мүмкін, демек, қазіргі кездегі табиғи індеттермен салыстырғанда бұл жағдайға тап болу ықтималдығы жоғары», – деп толықтырды Гейтс.
Бұған дейін Microsoft негізін қалаушы Германияның Süddeutsche Zeitung басылымына берген сұхбатында Әлем COVID-19 пандемиясынан он есе ауыр келесі пандемияға дайын емес екенін айтқан еді. 
«Екі жылдан кейін жағдай басқаша болады деп үміттенемін. Вакциналар, тесттер, дәрі-дәрмектер, эпидемиология, мониторинг — көп нәрсені жасауға болады», –  деді ол.
Гейтстің пайымдауынша, коронавирус жер сілкінісі, торнадо немесе климаттың өзгеруімен бірдей дәрежеде күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды, ал мұндай қауіптерге жауап дайын тұруы керек.

Сұлтан  ӘБДІРАСЫЛ

Жүктелуде...