Қазақстанның 8 өңірінде жолдар жабылды

Қазақстанның 8 өңірінде жолдар жабылды

ашық дереккөзі

 width= Ауа райының күрт бұзылуына байланысты еліміздің сегіз өңірінде, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

«8 ақпан 07:30-да Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней–Ботақара» автожолының 138-231 шақырымында барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. 8 ақпан күні сағат 06:30-да Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ) «Екатеринбург – Алматы» автожолының 1492-1610 шақырымында жол жабылды»,- делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ қыста жолға шығар алдында төмендегі қарапайым нұсқаулықты орындауға шақырды:
- Мұқият ауа райы болжамын зерделеңіз; - Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты «Қазавтожол» ҰК сайтында толығымен жабық учаскелердің картасын көруге болады. Не болмаса бірыңғай телефон нөмірі 1403 немесе құтқару қызметінің «112» телефон нөмірі, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.
Сондай-ақ «112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған жағдайда елдімекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажеттігін жеткізді.

Жүктелуде...