Димаш Құдайбергеннің бейнебаянына түскен қыздың кім екені белгілі болды

Димаш Құдайбергеннің бейнебаянына түскен қыздың кім екені белгілі болды

ашық дереккөзі

 width= Модель Ажар Күнболат Димаш Құдайбергеннің жаңа Golden бейнебаянында басты рөлді ойнады. Әнші бірге түскен суретті Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Клип сюжеті бойынша жұп бір ұйымның штаб-пәтеріне хакерлік шабуыл жасап, есепшоттарын бұзады. Кейін ұйым олардың соңына түсіп, бойжеткенді ұстап алады. Басты кейіпкер ұрланған қаражатты қала тұрғындарының есепшотына жібереді. Бейнебаян соңында Димаштың өзі ойнаған кейіпкер бойжеткенді құтқаруға барады. Оған тұрғындар көмектеседі.

 width=
Қазан айында Димаш Instagram-да бетперде таққан қызбен түскен суретін жариялады. Жанкүйерлері оның кім екенін біле алмай, түрлі болжам жасады. Суреттегі бойжеткен модель Ажар Күнболат екені белгілі болды. 31 қаңтарда Golden бейнебаянының тұсаукесері өтті. Режиссер - Олжас Баялбаев. Ол New York Film Academy-де білім алып, қазақстандық, ресейлік жобаларға қатысқан. https://youtu.be/Ahwm4J6UQxg

Жүктелуде...