Қазақстанда әскери дрондар шығарыла бастады

Қазақстанда әскери дрондар шығарыла бастады

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандық «Шағала» ұшқышсыз ұшу аппараты полигонда сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлады Newsroom+ ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Аталған әскери дрондарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары жасаған. Министрліктің мәліметіне сүйенсек, «Шағала» барлаушы ұшқышсыз ұшу аппаратының тәжірибедегі нұсқасы бағдарламалық-аппараттық байланыс арнасымен, байланыс арнасы қорғалған жеке криптографиялық хаттамамен жабдықталған.

– Ұшқышсыз ұшу аппараты ауқымында әскерлерді отандық әзірлемелермен қамтамасыз етуге деген ұмтылыс қуантады. Дегенмен, бұл осындай шетелдік құрылғылармен бірдей болмауы керек. Отандық аппараттардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын әзірлеу кезінде қазақстандық армияның барлық қажеттіліктерін, біздің қорғаныс мақсатындағы географиялық ерекшеліктерді ескеру қажет, - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев.
 width= Сонымен қатар әскери ғылыми-зерттеу орталығының басшысы полковник Қуандық Ақшолақов дрондардың осыған ұқсас шетелдік аппараттардан кем түспейтінін, керісінше өзіндік артықшылықтарға ие екенін айтқан.
- Ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшу қашықтығы 30 шақырымға дейінгі аралықты құрайды. Ауада ол екі жарым сағатқа дейін болады, желдің екпіні секундына 14 метрге дейін күшейген кезде, ауада өзін тұрақты ұстайды. Болашақта біз оны взводтан батальонға дейінгі буындағы әскерлердің қару-жарақ қатарына қосуды жоспарлап отырмыз, - деді полковник.
Алдағы уақытта тәжірибе аяқталғаннан кейін барлық атқарылған жұмыстар Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешеніне берілетін болады.

Жүктелуде...