Балғынбек Имашев: Екпең де, өкпең де өзіңе

Балғынбек Имашев: Екпең де, өкпең де өзіңе

ашық дереккөзі

 width= Белгілі айтыскер Балғынбек Имашев коронавирусқа қарсы вакцина салдырмайтынын айтты, деп хабарлады Newsroom+ ақпарат агенттігі.

«Адамдарды Алла Тағала ұлттар мен ұлыстарға бөлген. Енді Әлемдік күштер күштеп вакцина салдыру үшін бізді әр түске топтайтын болыпты. Екпе ектіргендер Жасыл. Екпе екпегендер Қызыл. Одан бөлек түстер де бар ПЦР тест тапсырғандар, ауырып айыққандар т.б. Яғни, Жасылдарға бәрі рұқсат! Қызылдарға кейбір жерлерге рұқсат жоқ. Бұл мәжбүрлемей-ақ мәжбүрлеу ғой. Мен жазда ауырып шықтым. Енді маған екпе егу керек емес. Керек болса да екпес едім. Тағдырымды вакцинаға емес, Аллаға тапсырдым. Алла Ұлық. Шайтанға құлдық жасағандар, Алладан басқа қожайыны бар жандар, менен аулақ жүріңіздер! Екпең де, өкпең де өзіңе!» - деп жазған ақын Instagram парақшасында.
Бұған дейін айтыскер әлеуметтік желідегі парақшасында еркінен тыс екпе салатын болса елден кететінін айтқан.

Жүктелуде...