ДДСҰ мәлімдемесі. Коронавирустың екпіні басылды

ДДСҰ мәлімдемесі. Коронавирустың екпіні басылды

ашық дереккөзі

 width= Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшылары әлемде коронавирустың таралу қарқыны баяулағанын мәлімдеді, деп хабарлады sputnik.kz басылымы.  «Біз бірқатар елде коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің төмендегенін байқап отырмыз», – деді ДДСҰ сарапшысы Мария ван Керкховен. Оның айтуынша, бұған вирустың таралу тізбегін тоқтататын шараларды қолданудың арқасында қол жеткізілген. Ол вакцинаны коронавируспен күрестің тағы бір «қуатты құралы» деп атады. Сонымен бірге, Керкховен науқастар саны азайып жатқан елдерді COVID-19-пен күрес шараларын одан әрі сақтауға шақырды. Бұған дейін ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус COVID-19 вакцинасын қабылдаған адамдар саны вирусты жұқтырғандар санынан асып түскенін мәлімдеген.

Жүктелуде...