weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
5 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану: екінші қазақстандық баспаналы болды

Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану: екінші қазақстандық баспаналы болды

Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану: екінші қазақстандық баспаналы болды
ашық дереккөзі
 width= Қостанай қаласының тұрғыны Серік Сарбасов Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолданып баспаналы болған екінші қазақстандық атанды, - деп хабарлайды Newsroom+ ақпарат агенттігі. "Отбасы банкінің" мәліметінше, қостанайлық тұрғын бастапқы жарна ретінде пәтер құнының жартысын толықтырып несиені 8.5 пайыз мөлшерлемемен алды.
"Ол 1 ақпан күні қаражат арнайы шотына түсіп, 2 ақпан күні сатып алу-сату шартына қол қойып, жаңа пәтерінің кілтін алған. Ипотеканы Отбасы Банкінде - аралық заем арқылы рәсімдеді. Яғни бастапқы жарна ретінде пәтер құнының жартысын толықтырып несиені 8.5 пайыз мөлшерлемемен алды, ал бір жарым жылдан соң несие мөлшерлемесі 5 пайызға дейін төмендейді", - делінген банктің Instagram желісіндегі парақшасында.