weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
5 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мемлекет басшысы қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
 width= Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін үйренуге талпынған отандастарымызды қолдауға шақырды, деп хабарлайды Newsroom+ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысына қатысып, онда қазақ тілін меңгеру  біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам екенін атап өтті.
«Қазақ тілін меңгеру – біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам. Сондықтан, тіл үйренуге талпынған азаматтарымызды бәріміз қолдайық. Мемлекеттік тілді білетін әрбір азамат қазақша үйренгісі келген досымен, әріптесімен немесе танысымен өз білімін бөліссін. Мұндай игі іс бір-бірімізге қамқорлықты арттырып, бірлігімізді нығайта түсері сөзсіз», - деді Мемлекет басшысы.
Президент, сонымен қатар ана тілімізді дамыту жайындағы ойын латын графикасындағы қазақ әліпбиімен түйіндеп, латын қарпіне көшіп жатқанымыз Тәуелсіздіктің жемісі деп бағалады.