Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Алғашқы махаббаты Жұлдызға ән шығарған Нұрлан Әлімжановтың жарының есімі Жұлдыз

Алғашқы махаббаты Жұлдызға ән шығарған Нұрлан Әлімжановтың жарының есімі Жұлдыз

Алғашқы махаббаты Жұлдызға ән шығарған Нұрлан Әлімжановтың жарының есімі Жұлдыз
ашық дереккөзі
Бүгін Мәжіліс депутаты, танымал актер, әнші, "Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған Нұрлан Әлімжановтың туған күні. Ол 1984 жылы 29 сәуірде Ақмола облысы Бурабай ауылында дүниеге келген. Осыған орай, актерлығымен қатар, әншілігімен тыңдармандардың сүйіктісіне айналған Нұрлан Әлімжанов туралы қызықты деректерді жарияламақпыз, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі . 1.Нұрлан Әлімжанов танымал ақын, жазушы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Баянғали Әлімжановтың жалғыз баласы. 2.Бала кезінде ғарышкер немесе десантшы болуды армандаған. 3.Сазгерлік өнерінен туған 100-ге жуық әндері бар. 4.Асабалық өнерімен де танымал тұлға. 5. 8-ші сынып оқушысы Нұрлан Жұлдыз есімді қызға ғашық болған. Сол қызға арнап, "Сен менің жұлдызымсың" деп алғаш рет ән шығарған. Бір қызығы бірінші некесінен ажырасып кеткен актердың екінші жарының есімі Жұлдызай. 1997 жылы туған Қазалының тумасы. 6.Опералық-классикалық шығармаларға қоса, қазақтың дәстүрлі әндерін де орындай алады. 7.Тарихи тұлғаларды сомдағысы келетін ол, тұңғыш президенттің рөлін сомдап, "ең атақты актер" атанды. 8."Құлыншағым, құлыным" деп жырлаған әнші бүгінде төрт баланың әкесі. Алғашқы некеден үш баласы болса, жақында екінші рет шаңырақ көтерген ол, тағы да әке атанып отыр.