Қазақстандықтар енді өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен техпаспортты алып жүрмеуіне болады

Қазақстандықтар енді өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен техпаспортты алып жүрмеуіне болады

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандықтар 13 ақпаннан бастап өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен техпаспортты алып жүрмеуіне болады, деп хабарлайды Newsroom+ ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев өзінің Facebook парақшасында жариялаған.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. 2019 жылғы желтоқсанда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүргізуші құжаттарын ақпараттық жүйелер арқылы тексеру, жүргізушілерге құжаттардың қағаз нұсқаларын өзімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік беру туралы мәселені көтеріп, ІІМ-не заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тапсырды. Жаңа заң ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап күшіне енеді», - деп жазды министр.
Ол бұрын Қазақстанда жүргізуші құжаттарының бірінің жоқтығы үшін ескерту (егер алғаш рет болса) немесе 5 АЕК айыппұл көзделгенін атап өтті. Енді жүргізушілерге көлікті жүргізген кезде өзімен бірге тек бір ғана жеке басын куәландыратын құжат жеткілікті болады. Сондай-ақ Тұрғымбаев жаңа нормалардың қазақстандық жүргізуші куәлігі жоқ шетелдіктерге және Қазақстанда тіркелмеген көлік басқарушыларына қатысы жоқтығын айта келіп:
«Мемлекет көлікті басқаруды едәуір жеңілдетті, бірақ жүргізушілер басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті есте ұстауы керек», - деп қорытындылады.

Жүктелуде...