weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
5 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қызылқоғалықтар өңдеу саласын қолға алмақ

Қызылқоғалықтар өңдеу саласын қолға алмақ

Қызылқоғалықтар өңдеу саласын қолға алмақ
ашық дереккөзі
 width=

Негізі аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиевтің айтуынша, ауыл кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары өнім өндіру жобаларына қызығушылық танытпай, шикізат ретінде өткізуді тиімді санап отыр, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ATPress kz-ке сілтеме жасап. Биыл фермерлік шаруашылық жүргізуге конкурстық негізде берілген 73 жер учаскесі иелеріне қойылған  негізгі талаптардың бірі – бизнес жоспарларында өңдеу саласына басымдық берулері болып табылады.

-Оның орындалуы қатаң бақылауда болады. Қазіргі таңда бұл салада бір жоба жүзеге асырылуда. Ол «Құрман» шаруа қожалығының тәулігіне 2 тн сүт өнімдерін шығару цехы және мал сою пункті бар 100 басқа арналған бордақы алаңы. Жоба құны 265,0 млн теңге, 15 адам жұмыспен қамтылатын болады, - дейді аудан әкімі.