
Қазақстанда абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру құны бір жылда тоғыз пайызға, ал абаттандырылмаған тұрғын үйді жалға алу құны төрт пайызға өсті. Дегенмен Қазақстан тұрғын үйді жалға алу құны бойынша арзан елдердің бірі болып қалып отыр: біз бұл рейтингте 138 елдің ішінде 107-орында тұрмыз, - деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғын үйді жалға алу құны бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 2021 жылдың басында 138-ден 107-ші орынға көтерілді. Рейтинг Нью-Йоркке қатысты елдерде жалға алу қаншалықты қымбат немесе арзан екенін бағалайды, оның индексі 100. Сарапшылардың айтуынша, егер елдің индексі 110 болса, онда жалдау Нью-Йоркке қарағанда 10 пайызға қымбат тұрады. Мысалы 95 пайыздан аз болса, онда бұл америкалық мегаполиске қарағанда бес пайызға арзан.
Қазақстанның бұл рейтингтегі индексі небәрі 9,31 болды.
Үйді жалға беретін ең қымбат елдер рейтингін Бермуд аралдары, Гонконг, Сингапур бастап тұр. Рейтинг бойынша ең арзан үйді Ауғанстаннан табуға болады.