"Грэмми" сыйлығына үміткер шетелдік жұлдыздармен бірігіп миниальбом шығарады

"Грэмми" сыйлығына үміткер шетелдік жұлдыздармен бірігіп миниальбом шығарады

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандық Иманбек Зейкенов (EP) ұлыбританиялық әнші Rita Ora және франциялық диджей David Guetta-мен бірге миниальбом шығарады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. Өнерпаздар Bang деп аталатын миниальбомды Zoom қосымшасы арқылы бірнеше рет байланысқа шығып жазған. Ол 12 ақпанда жарияланады. Бұл туралы Иманбек пен Rita Ora Instagram желісінде жариялады. Төрт әнді де Иманбек ұлыбританиялық әншімен жазған. Олардың айтуынша, миниальбом – 80-90-жылдардағы клуб мәдениеті мен заманауи поп-музыканың қосындысы. Онда тағы хаус, электрон музыка стилі бар.

«Бұл – менің сүйікті әртістерім мен продюсерлеріммен бірлескен жаһандық жоба болды. Жоба барысында осындай шығармашылық тәсілмен жұмыс істеу өте қызық болды. Бұл жоба бізді тек шығармашылық жағынан емес, жекелей де жақындастырды және жақсы тәжірибе болды», – деп жазды Иманбек.
.

Жүктелуде...