Ресей азаматтығын алған шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айрылды

Ресей азаматтығын алған шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айрылды

ашық дереккөзі

 width= Шымкенттік шенеунік шетел азаматтығын аламын деп басы дауға қалды. Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов Ресей азаматтығын алғаны үшін, Қазақстан азаматтығынан айырылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының маманы мәлімдеді. Ведомства өкілінің сөзінше, шенеунік заңды бұзған. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Гүлжан НЫСАНБАЕВА, қалалық полиция департаменті азаматтық және көші-қон қызметі басқармасының бөлім басшысы «Шымкент қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізу барысында 1974 жылы ьуылған азамат Почивалов Олег Владимировичке ҚР Азаматтық туралы Заңның 21 бабының 5 тармағының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру жайты тіркелді».
Ал, бұл мәселе бойынша, Олег Почиваловтың өзі әзірге үнсіз отыр. Әріптестерінің сөзінше, ол бір аптадан бері жұмысқа шықпаған. Іс-сапарда көрінеді. Бірақ, мемлекеттік қызмет істері агенттінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы оның ақысыз еңбек демалысына шыққанын мәлемдеді. Және осы іске байланысты, қала әкіміне хабарлама жіберіпті.
Әли КӨМЕКБАЕВ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы «Бүгін біздің қолымыздағы мәліметті алатын болсақ, мінекей, Почивалов мырза сотқа арызданған екен. Ресми түрде сәйкес құжат қолымызда. Ол бір. Екінші айтып өтейін дегенім, ия, расында да ол бүгінгі таңда қызметкер болып есептеледі. Біздің қолымызда мысалға бары, тағайындау шешімі бар әкімдіктің. Ал, бұйрықтың астында аранйы тексерістен өткендігі көрсетіліп отыр».
Еске сала кетейін, Олег Почивалов денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы болып, былтыр маусымда тағайындалған. Ал, қазан айынан бастап, ресми қызметіне кіріскен. Іле-шала оның қос азаматтығы бар екені туралы ақпарат желіде тарап кетті. Бірақ, сол кезде өзі және қала әкімдігі бұл мәліметтің жалған екенін айтқан болатын. https://youtu.be/mCb3EtSC8X0

Жүктелуде...