Дәрігер Қайырғали Көнеев: Халықты коронавирустан қорғайын деп ойлап жатқан ешкім жоқ

Дәрігер Қайырғали Көнеев: Халықты коронавирустан қорғайын деп ойлап жатқан ешкім жоқ

ашық дереккөзі

 width=

Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер Қайырғали Көнеев 31 арнаның «Сөздің шыны керек» бағдарламасында айтты.

Оның айтуынша, вакцинаның сапасына күмән жоқ. Бірақ біздің ел үшін жаппай вакцинациялау қажет емес. Ұжымдық иммунитет қалыптасып үлгерді. Бірақ оны тексеріп, скринг жүргізіп жатқан ешкім жоқ.
«Бекшиннің айтуынша, (Жандарбек Бекшин – Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері – ред.) қала халқының 55 процентінде коронавирусқа қарсы антитела бар. Алматылықтардың 55-60 проценті коронавируспен бір ауырып, тәуір болды. Осы жағдайда Қазақстанға вакцинаның қажеті жоқ. Халықты коронавирустан қорғайын деп ойлап жатқан ешкім жоқ. Қаражатты бөліп алу үшін ойлап тапқан деп ойлаймын», – деді дәрігер 31 арнаның «Сөздің шыны керек» бағдарламасында журналист Ирина Советжанқызына берген сұхбатында.

Жүктелуде...