Бұл "хайп" қуу мақсатында емес: Дәурен Абаев вакцинация туралы ойымен бөлісті

Бұл "хайп" қуу мақсатында емес: Дәурен Абаев вакцинация туралы ойымен бөлісті

ашық дереккөзі

 width= ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев шенеуніктердің екпе алып жатқаны туралы ақпаратқа қатысты Facebook-тегі парақшасында өз ойын айтты  Күні кеше ғана елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды. Бұл процесс халықты иммунизациялау бағытын жақтаушылар мен қарсылар арасында  екіжақты пікір тудырып отыр. Өкінішке қарай, рационалды аргументтермен қатар, дауласушылар арасында кері пікір білдіріп жатқандар да бар. Мен вакцинацияны жақтаушылар қатарындамын. Екпе салдырамын. Кезегім келген бетте мен де екпені халық алдында салдыруға дайынмын, - деп жазды Абаев.

Қазір үшінші кезең өтіп жатыр. Тиімділік көрсеткіші жоғары. Ауа күрделі теріс әсерлер тіркелмеген. Отандық вакцинаның негізінде инактивті вирус жатыр, яғни, тірі емес вирус. Ол біздің ағзамызды қорғауды қамтамасыз ететін антиденелерді жасауға атсалысатын болады. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының (БҚПҒЗИ) барлық құжаттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі. Барлық процесс мұқият тексеріледі. Бұл мәселеде асығыстық танытуға болмайды, - дейді ол.
Әрине, ең алдымен, індетпен күресте алғы шепте жүрген инфекциялық ауруханалардың дәрігерлері мен қызметкерлері вакцина алатын болады. Тағы бір айта кететін мәселе, мемлекет ешкімді екпе алуда мәжбүрлемейді. Екпе тек ерікті түрде салынады. Әлеуметтік зерттеулер кейбір азаматтардың вакцинаның жылдам өндірілуіне қатысты оның теріс әсері болуы мүмкін деп алаңдайтынын көрсетті. Яғни, бұл адамдар екпеге түбегейлі қарсы емес, тек оларға қосымша кепілдік керек. Сол себепті еліміздің барлық аймағындағы жауапты мемлекеттік қызметкерлер халық алдында екпе салдыруда. Бұл хайп қуу, жарнамасын асыру немесе есебін түгендеу мақсатында жасалып отырған жоқ. Бұл – түбегейлі сенім атмосферасын құрудағы алғашқы қадам. Вакциналау – өмірімізді қалыпты арнасына қайтарады, - деп түйіндейді жазбасын Дәурен Абаев.

Жүктелуде...