Коронавирусқа қарсы екпе ектіруге бола ма? ҚМДБ мәлімдеме жасады

Коронавирусқа қарсы екпе ектіруге бола ма? ҚМДБ мәлімдеме жасады

ашық дереккөзі

 width= Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы muftyat.kz сайты хабарлады. "Арнайы медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтуда. Ал шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру – әр азаматтың өз еркі", - делінген ҚМДБ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Айта кетейік, елде 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцина егу науқаны басталған болатын.

Жүктелуде...