Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев сенатор Талғат Мұсабаевқа марапат қаруын табыс етті, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Azattyq Rýhy майтын сілтеме жасап.
«Сізді елімізге сіңірген еңбегіңізбен құттықтаймыз және Қазақстан Үкіметінің шешімі бойынша тапанша табыс етеміз. Сіздің атыңыз республикамыздың тарихына лайықты жазылды», - деді Е.Тұрғымбаев.Талғат Мұсабаевқа мемлекет алдында сіңірген еңбегі үшін Үкіметтің қаулысы бойынша иір ойықты атыс қаруы табыс етілді. Айта кету керек, Талғат Мұсабаев осыдан 19 жыл бұрын 28 сәуірде «Союз ТМ-32» ғарыш кемесінің командирі ретінде үшінші мәрте ғарышқа ұшып, алғашқы ғарыш турисін орбитаға алып шыққан болатын. Ғарышқа ұшқан осы сапар ғарыш туризмінің дәуірін ашты. Талғат Мұсабаевтың экипажы «Союз ТМ-31» кемесімен жерге оралды. Бұл 21 ғасырдағы және үшінші мыңжылдықтағы Жер ғаламшарынан ғарышқа алғашқы ұшу болатын. Сондай-ақ биыл Т.Мұсабаевтың ғарышқа алғаш ұшқанына 25 жыл толды.