Карантин уақытында жыныстық қатынастың пайдасы мен зияны

Карантин уақытында жыныстық қатынастың пайдасы мен зияны

ашық дереккөзі

 width= Қашан соңғы рет бүкіл әлем ұзақ уақыт оқшауланып еді? Ойланыңыз, бүкіл әлем оқшауланды. Бұл кәдімгідей үлкен мәлесе. Төрт қабырғада адамдар серіктесімен (әйелі/ері) құлыптаулы болғанда әдетте не болады? Ия, олар жұптаса бастайды. Қазіргі уақытта көптеген адамдарды өздерінің болашағына байланысты сұрақ мазалайтыны жасырын емес. Бір шетінен адамдар бұл стресстерін осылайша басуда. Әлемде қазір көптеген әзілдер мен болжамдар пайда болуда, олардың айтуынша желтоқсан айына дейін бізді сәбилердің бумы күтуде. Қазір пандемия, жаһандық дағдарыс уақыты. Егер жұмыстан шаршасаңыз, есепте қате жіберсеңіз немесе кешкі астың жай ғана тұзын көп қосып жіберсеңіз, қазіргі уақытта стресстен арылудың жалғыз мүмкіндігі ол - үйде жыныстық қатынаспен айналысу. Ол тегін әрі көп дайындықты қажет етпейді. Тек екінші жартыңыз болса болды. Сонымен карантинді жыныстық қатынаспен айналысудың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері қандай: Карантиндегі жыныстық қатынастың артықшылығы: Қазір көпшілігі онлайн режимінде жұмыс істейді және бұл әдеттегі жұмыс стрессін тудырады, оны жыныстық қатынас немесе мастурбация арқылы алып тастауға болады. Қазір ерлі-зайыптылардың бір-бірімен танысуға көбірек уақыты бар, әсіресе егер сіз жақын арада үйленген болсаңыздар. Ал ескі жұптар бұрындары уақыт жетпеген жаңа тәжірибелерді қолдана алады. Егер адам жеткілікті ұйықтап, жақсы тамақтанса, онда ағзада либидо көтеріледі. Карантиндегі жыныстық қатынастың кемшілігі: Егер сіз тек жұбыңызмен ғана емес, сонымен қатар басқа отбасы мүшелерімен бірге бір үйде тұратын болсаңыз, онда олар үнемі үйде болады. Бұл сіздерге ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, қолжетімділік адамды жалықтырып жіберуі мүмкін. Егер сіз кез-келген уақытта жыныстық қатынасқа түсе алатындығыңызды білсеңіз, онда бұл қалауды түсіріп, уәжді төмендетуі мүмкін. Ішкі ортадағы монотонизм де бұл мәселеде көмекші емес. Жұбыңызмен ұзақ уақыт бірге өткізуіңіз қақтығыстар мен қызығушылықтың өзара төмендеуін тудыруы мүмкін. Сондықтан барынша график қоюға тырысу керек.

Жүктелуде...