Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды

Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды

ашық дереккөзі

 width= Қос азаматтығы бар Олег Почивалов біраз уақыттан бері Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келген. Бұған дейін әкімдік мәліметті жоққа шығарғанымен, қалалық полиция департаменті шенеуніктің Қазақстанмен қоса Ресей азаматы екенін растады. Осы үшін Олег Почиваловты Қазақстан азаматтығынан айырды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Аталған заң бұзушылық бойынша Шымкент қаласы ПД азаматтық және иммиграция бөлімінің басшысы Гүлжан Нысанбаева:

«Шымкент қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының азаматы Олег Владимирович Почиваловтың қос азаматтықта барын анықтады. Азаматтық туралы заңның 21-бабына сәйкес, көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту дерегін тіркеді» - деді.
Соынмен қатар бұл туралы ҚР Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы әрі Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Көмекбаевтың қала әкімі М.Әйтеновке жазған хатының көшірмесін жариялады.  width=
«ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өндірісіндегі құжаттарға сәйкес, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы О.Почиваловтың Ресей Федерациясы азаматтығына қатысты Шымкент қаласы Полиция департаменті сұраныс хат жолданған болатын. 03.02.2021 жылы №154 кіріспен Шымкент қаласы Полиция департаментінен жауап хат келіп түсті (қосымша тіркеледі). Жауап хатқа сәйкес Олег Почиваловтың Ресей Федерация азаматы болып табылатыны және 20.01.2021 жылы Шымкент қаласы Полиция департаментіне Қазақстан Республикасы азаматтығынан айыру жәйіті тіркелгендігі туралы мәлімет келді. ҚР «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы 61 бабының 10) тармағына сәйкес, Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Қазақстан азаматтығының жоғалтуы мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз болып табылатынын хабарлаймыз», – делінген қызметтік хатта.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында «егер мемлекеттік қызметші немесе квазимемлекеттік мекеменің басшысы қос азаматтық алса, олар қызметінен босатылады», деп мәлімдеген.

Жүктелуде...