Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып Ермек Оспанов тағайындалды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
"Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалсын", делінген Ақорда сайтында.Оспанов Ермек Әшімханұлы 1982 жылғы 20 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында туылған. Білімі жоғары: 2003·жылы – КИМЭП Университеті (іскерлік әкімшілік бакалавры). 2008 жылы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (заңгер). 2010 жылы – IE Business School Халықаралық бизнес-мектебі (Испания), МВА (іскерлік әкімшілік магистрі). Еңбек жолы: 2003-2004 жж. – Алматы қаласының "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ Қаржы тәуекелдері Департаментінің Әдістеме және талдау басқармасының бас маманы. 2004-2005 жж. – Алматы қаласының "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ Қаржы тәуекелдері Департаментінің Бағалау және тәуекелдерді өлшеу басқармасының қаржы нарығын зерттеу секторының риск-менеджері. 2005-2006 жж. – "Алматы қаласының әкімі аппараты" ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы. 2006 ж. – "Алматы қаласының Қаржы департаменті" ММ қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімінің бас маманы. 2006-2009 жж. – "Алматы Строй Контракт" ЖШС, "СP Asset Management" ЖШС құрылыс компанияларының қаржы менеджері/қаржы директоры. 2011 ж. – "КПМГ ТаксэндЭдвайзори" ЖШС корпоративті келісімдерді сүйемелдеу бойынша 2-бөлімнің аға консультанты, 2011-2012 ж. – "KGF" ("КейДжиЭф") ЖШС инвестициялық менеджері, 2012 ж. – "Verny Investment Holding" ЖШС Корпоративті қаржы департаментінің аға аналитигі 2013-2014 жж. – "Тау-Кен Самұрық" АҚ Корпоративті қаржы департаментінің директоры, 2015 ж. – "Arai pro" ЖШС даму жөніндегі директоры, 2016-2017 жж. – "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ басқарушы директоры 2019 ж. – "Kazakhstan Investment Development Fund" Басқарма Төрағасының орынбасары, 2019 жылғы 20 қарашадан 2020 жылғы 3 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі кеңесшісінің міндетін атқарушы және кеңесшісі, 2020 жылғы 4 ақпаннан – Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары.