"Талып қалғаным жоқ". Екпеден кейін құлап қалған мейірбике бейнеүндеу жасады

"Талып қалғаным жоқ". Екпеден кейін құлап қалған мейірбике бейнеүндеу жасады

ашық дереккөзі

 width= Талдықорғанда вакцина салдырғаннан кейін құлап қалған мейірбике видеоүндеу жолдады. "Облыстық аурухананың инфекциялық бөлімінің медбикесімін. Кеше №2 емханаға COVID -19-ға қарсы вакцина алуға бардық. Вакцина алар алдында уайымдағаннан кейін жүрегімнің соғысы қатты болып, сол жерде маған алғашқы көмек көрсетілді. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жағдайым жақсарып үйге қайттым. Ал Instagram-желісінде мені "сол жерде талып қалыпты", мені "жансақтау бөліміне алып кетіпті" деген ақпараттың бәрі жалған екендігін айтқым келеді", - деді мейірбике. Бейнеүндеуде мейірбике қазіргі уақытта өзінің жұмыста отырғанын және өзін жақсы сезініп отырғанын айтты. Еске сала кетейік, кеше 3 ақпан күні Талдықорғанда мейірбике ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырғаннан кейін есінен танып қалған болатын. Кейіннен Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният талдықорғандық мейірбикенің вакцина салдырғаннан кейін құлап қалуы "вакцинаның әсерінен емес" деп мәлімдеме жасады.  

Жүктелуде...