Ержан Жүніс жаңа қызметке тағайындалды

Ержан Жүніс жаңа қызметке тағайындалды

ашық дереккөзі

 width= «Elorda aqparat» ЖШС директоры қызметіне жаңа басшы келді, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі.  «Elorda aqparat» ЖШС директоры жұмысын енді Ержан Жүніс атқарады. Ол өзіне сенім білдіріп, үміт арқан қала басшылығына алғысын жеткізді. Ержан Жүністі Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат бөлімінің бастығы Дәурен Бабамұрат таныстырды. Жаңа басшы алдыға қойған жоспарларымен де таныстырып үлгерген: "3 аптадан бері ұжымдағы әріптестеріммен бірлесіп, серіктестіктің алдағы жоба-жоспарларын құрдық. Атап айтқанда, қысқа мерзімде «Astana aqshamy» және «Вечерняя Астана» газеттерін А3 форматынан D2-ге көшіру. Бүгінде D2 форматта әлемдік және отандық жетекші басылымдар жарық көріп келеді. Біз де уақыттың талабын ескере отырып, заманауи стандартқа өтуге бел будық. Соның арқасында газеттің дизайні өзгеріп, елордалық басылым жаңаша түрлене түседі. Газеттің ұзын-қысқалығынан не пайда, айтары болмаса?! Сол үшін оқырмандарымыздың талғамынан шығатын салалық, ақпараттық-танымдық, журналистік зерттеу материалдарына басымдық береміз. Газетке «онлайн жазылу» қызметін енгіземіз. Бұл қадамымыз тұрақты оқырмандарымыздың санына қаншалықты әсер етеді, нәтижесін өздеріңізбен бөлісіп отырамын. Сонымен қатар, қос газет пен elorda.info сайтының ортақ қосымшасын жасау да жоспарымызда бар. «Elorda aqparat» бас қаланың негізгі ақпараттық қайнарына айналдыру үшін бірқатар ұсыныс әзірледік. Біздің жаңалықтарымызды әлеуметтік желілеріміз арқылы хабардар болып, ақыл-кеңестеріңізді бөлісе отырсаңыздар риза боламыз", - дейді Ержан Жүніс.

Жүктелуде...