
Айта кетейік, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Түркістан қаласында тұрғын үй сату орталығы ашылған болатын. Онда тұрғындардың баспана алуға өтініш беруіне мүмкіндік жасалған. Орталық неке сарайының ғимаратында орналасқан. Орталық таңғы 9.00-ден кешкі 19.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-15.00 аралығы) жұмыс істейді. Одан өзге, 72025turkistan.kz сайты мен «Amazing Turkistan» қосымшасындағы «7-20-25» бөлімі арқылы барлық несиеге берілетін үйлер жайлы ақпарат алуға болады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі