
Ауданда 1,5 миллиард теңгеге 64,8 шақырымды құрайтын 77 ішкі көшелерге асфальт төселді. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 41 көше, жергілікті бюджет есебінен 7 көше, су тасқыны салдарынан қалпына келтірілген 29 көше бар. Айта кетейік, былтыр А-15 республикалық автомобиль жолының Кіреберіс-Гүлістан тармағы және облыстық маңызы бар КХ-77, КХ-78, КХ-80, КХ-164 автомобиль жолдары орта жөндеуден өтсе, КХ-77, КХ-100 автомобиль жолдары ағымдағы жөндеуден өтті. Сондай-ақ ұзындығы 35,3 шақырымды құрайтын 24 көшеге мыңнан астам жарық шамдары орнатылып, 3,4 шақырымды құрайтын 2 көшеге аяқжол салынды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі