Коронавирусқа қарсы вакцина халал ма?

Коронавирусқа қарсы вакцина халал ма?

ашық дереккөзі

 width= Бүгінде «Коронавирусқа қарсы вакцина халал ма?» деген сұрақ көпшілікті мазалап, қоғамда қызу талқыланып жатыр. Аталған сауалдың жауабын ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары – бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов берді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Вице-министрдің айтуынша, бірінші кезекте вакцинаның тиімділігі маңызды екен.

«Вакцинаның халал не халал еместігі медицина саласына қатысты емес. Көптеген ислам мемлекеттерінде вакцинациялау жоспарланып әрі жүріп жатыр. Бұл вакцинаның күрделі жағдайда жасалып шыққанын, оған қоса сұраныс пен қажеттіліктің басымдағын және коронавирустың таралу қаупі әлі де жоғары екенін ескерсек, оның халал не халал емес екендігі қаралмайды», - деді Ерлан Қиясов.
Еске сала кетсек, вице-министр 1 ақпанда Елордадағы №6 қалалық емханада Sputnik V вакцинасын салдырған еді.

Жүктелуде...