Қазақстан бензин бағасы ең арзан елдер рейтінгісінде 8-орында

Қазақстан бензин бағасы ең арзан елдер рейтінгісінде 8-орында

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандық бензиннің бағасы бір литрі үшін 170 теңгені құрайды. Бұл көршілес Түрікменстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанға қарағанда арзан, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Еnergyprom.kz. -ке сілтеме жасап. Бензин бағасы ең арзан елдер рейтингінде Қазақстан 167 елдің арасында 8-ші орынды иеленді. Қазақстандық бензиннің құны литріне 170,2 тг құрады. Тізімде ең арзан бензині бар елдер қатарында Венесуэла, Иран және Ангола бар. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстанда бензин бір жыл бұрынғыға қарағанда сәл қымбаттады. Осылайша, АИ-95/АИ-96 бағасы 0,8% көтеріліп, литріне 171,3 теңгені құрады; АИ-98-1,4% қымбаттап, литрі 190,2 теңгеге дейін; АИ-92 бағасы 2,7% өсіп, литрі 150,6 теңгеге дейін жоғарылады.

Жүктелуде...