Балғынбек Имашев: Екпең де, өкпең де өзіңе!

Балғынбек Имашев: Екпең де, өкпең де өзіңе!

ашық дереккөзі

 width= Белгілі айтыскер-ақын Балғынбек Имашев қазіргі таңда қоғамда өзекті мәселеге айналған вакцинация туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі айтыскердің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

- Адамдарды Алла Тағала ұлттар мен ұлыстарға бөлген. Енді Әлемдік күштер күштеп вакцина салдыру үшін бізді әр түске топтайтын болыпты. Екпе ектіргендер Жасыл. Екпе екпегендер Қызыл. Одан бөлек түстер де бар ПЦР тест тапсырғандар, ауырып айыққандар т.б. Яғни, Жасылдарға бәрі рұқсат! Қызылдарға кейбір жерлерге рұқсат жоқ. Бұл мәжбүрлемей-ақ мәжбүрлеу ғой. Мен жазда ауырып шықтым. Енді маған екпе егу керек емес. Керек болса да екпес едім. Тағдырымды вакцинаға емес, Аллаға тапсырдым. Алла Ұлық. Шайтанға құлдық жасағандар, Алладан басқа қожайыны бар жандар, менен аулақ жүріңіздер! Екпең де, өкпең де өзіңе! - деді айтыскер.
Сонымен қатар айтыскер-ақын вакцинаға  жыр арнады. Маска киген бар халық, Ноқта киді десеңші. Көбелектей алданып, шоққа күйді десеңші. Қайғы әкеліп қоғамға, жаңа шыққан әрбір заң, Майды әкеліп лаулаған отқа құйды десеңші. Кедейлердің барлығын, Жек көреміз, десеңші. Мәжбүрлеусіз әр бірін, Екпе егеміз, десеңші. Салдырмасақ Екпені, Еркін жүріп тұра алмай, Азаматтық құқықтан шектелеміз, десеңші. Аллаға емес Ақшаға табынамыз, десеңші. Шайтан барда құдайды, нағыламыз, десеңші. Қарсы шықсақ Террорист, Сеператист атанып, Тоғытылып түрмеге жабыламыз, десеңші. Түске бөліп құқыққа, қол саламыз десеңші, Қызыл болсақ жасылға тамсанамыз, десеңші. Үлкен, кіші, кәріге, QR-кодды міндеттеп, Мал құсатып бәріне, Ен саламыз десеңші. Сиыр жылы дегенше Вакцина жыл, десеңші, QR кодды қаласаң, Каспиға кір, десеңші. Қожасы жоқ Қой дейтін, балгері бар Цой дейтін, Біздің билік розовый очкида жүр, десеңші- дейді Балғынбек Имашев.

Жүктелуде...