Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Түлкібас ауданында жаңа арбат бой көтереді

Түркістан: Түлкібас ауданында жаңа арбат бой көтереді

Түркістан: Түлкібас ауданында жаңа арбат бой көтереді
ашық дереккөзі
 width=
Биыл Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылында жаңа арбат бой көтермек , – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазіргі таңда жерді тегістеу жұмыстары жүруде. Ағымдағы жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстары толық аяқталады.
Демалыс орны - аудандық мәдениет үйінің алдындағы «Құрметті азаматтар» аллеясының орнына түспек. Ал, «Құрметті азаматтар» аллеясы жаңа дизайнда «Жеті қазына» аллеясының аумағынан бой көтеретін болады.
 width=
Аудан орталығының көркін аша түсетін арбаттың қос қапталындағы жаяу жүргінші жолы мен саяжолға түрлі-түсті бедерлі тас төселмек. Сондай-ақ, жаңа орындықтар қойылып, шамдар ілінеді. Жергілікті фаунаға сай сәулетті мүсіндер орнатылатын болады. Құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген кезде, ауыл тұрғындарының демалыс аймағына айналмақ.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату