
Жол жөндеу жұмыстары қалаға қарасты ауылдарда да жүргізіліп жатыр. Ораңғай ауылдық округінде 11 көшеге, Шаға ауылдық округінде 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алты көше жарықтандырылып, аяқжолдар төселді. Хантағы, Ащысай ауылдары мен Шорнақ, Ескі Иқан, Жаңа Иқан және Жібек жолы ауыл округтерінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі