Ордабасы: Бадам ауылында 3 жаңа мектеп салынады

Ордабасы: Бадам ауылында 3 жаңа мектеп салынады

ашық дереккөзі

 width= Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылында С. Мұқанов атындағы 300 орындық жалпы орта мектептің  және Қажымұқан атындағы 200 орындық  жалпы орта мектептің құрылысы басталды , – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, жылдар бойы «Орда» мөлтекауданының өзекті мәселесіне айналған инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.  width= Қазіргі таңда «Орда» мөлтекауданынан түсетін 600 орындық мектеп құрылысының жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Сондай-ақ,  Қарабастау ауылына фельдшерлік-акушерлік бекеті салынады.  width= Сондай-ақ, Бадам ауылында «Агро өнеркәсіп кешенін 2017-2020 жылдарға дамыту бағдарламасы» аясында өткен жылы қабылданған үш жақты келісімшартқа сәйкес, мұнда былтыр 10408 га. егістік жер игерілген. 2 гектар жылыжай іске қосылып, 85 гектарға тамшылатып суғару әдісі енгізілген. 10-15 басқа арналған 11  мал бордақылау алаңдары ашылды. Бұдан басқа  3 шағын жанұялық ферма өз жұмысын бастады. Сонымен қатар, былтырғы жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында округтегі 23 көшеге орташа жөндеу жұмыстары (13 орташа жөндеу, 9 жарықтандыру, 1 аяқ жол) жүргізілген.  С.Сейфуллин атындағы мектеп және «Диамур» балабақшасы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бадам аумағында жалпы ұзындығы 41 шақырымды құрайтын 4 канал бар.  Оның 27 шақырымы механикалық тазалаудан өтті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...