weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
29 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Отырар ауданының 50 мыңнан астам халқы сапалы ауыз сумен қамтылған

Отырар ауданының 50 мыңнан астам халқы сапалы ауыз сумен қамтылған

Отырар ауданының 50 мыңнан астам халқы сапалы ауыз сумен қамтылған
ашық дереккөзі
 width= Түркістан облысы, Отырар ауданындағы 38 елдімекеннің 33-інде ауыз су құбыры тартылған  – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Яғни, Отырар ауданының 50 мыңнан астам халқы сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінген. Өткен жылы Көксарай елдімекеніндегі ауыз су жүйелері мен имаратының қайта құру жұмыстары жүргізілді.  width= Жер асты су қоры анықталған Бестам, Ызакөл, Жанкел елдімекендерін ауыз сумен қамту үшін құжаттар әзірленіп, ұсыныстар берілді. Ал, жер асты су қоры анықталмаған Ақкөл елдімекеннің жер асты су қорына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына өтінім берілген.  width= Сондай-ақ, Отырар ауданындағы автокөлік жолдар да күрделі жөндеуден өтіп, жаңаруда. Жалпы ұзындығы 800 шақырымнан асатын аудан жолдарының 27 шақырымы орта жөндеуден өткен. 2 шақырымға жуық ішкі автомобиль жолдарындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Нәтижесімен аудан көлеміндегі ішкі көшелердің жалпы қанағаттанарлық деңгейі 62%-ға артты. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі