
Театрдың тұңғыш тұсаукесер қойылымы биыл көктемде Түркістан қаласында өткізу жоспарланып отырған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитінде өтеді. Өмірзақ Естайұлы киелі Түркістан шаһарына келіп, қазақ театры өнерінің дамуына үлесін қосқан өнер иелеріне сәттілік тіледі.
Белгілі болғандай, Райымбек Сейтметов атындағы облыстық сазды-драма театрының ғимараты биыл күрделі жөндеуден өтетін болады. Театр жанындағы жатақхана да қалалық әкімдік есебінен толық жөндеуден өтпек. 20 жылдық тарихы бар қара шаңырақта 132 өнер иелері еңбек етіп келеді. 1938-жылы салынған мекеме ғимаратыкезінде теміржол мекемесінің киноклубы болғаны белгілі. Қайта күрделі жөндеуден өтіп, 2000 жылы театрға берілген. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі