Қазақстанда жылына 30 000 компьютер өндірілмек

Қазақстанда жылына 30 000 компьютер өндірілмек

ашық дереккөзі

2019 жылы қараша айында «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ қызметкерлері қытайлық серіктестері – GreatWall LTD компаниясымен бірлесіп, заманауи ультрабуктардың 50 сынама үлгісін және 50 дербес компьютер шығарды. 3 айдан кейін зауыттың өзінде дербес компьютерлерді құрастыру бойынша оқыту болып өтті, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі. Компьютерлік техниканы өндіру үшін дәлдігі 5-сыныпты көп қабатты баспа платаларын өндіретін қазіргі заманғы желілер, SMD-элементтерді үстіңгі монтаждау желісі және конвейерлік құрастыру желісі негіз болды. Қазіргі уақытта компьютерлік техниканы өндіруге арналған жиынтықтауыштарды қытайлық серіктестері жеткізеді. Зауыттың көп қабатты баспа платаларын дайындау және SMD-элементтерді үстіңгі монтаждау желісі компьютерлер құрамында пайдаланылатын жүйелік платаны (аналық плата) өндіруді игеруге мүмкіндік береді.

Жүктелуде...