Алматыда ең ірі жол апаты болды

Алматыда ең ірі жол апаты болды

ашық дереккөзі

 width= Алматыда 5 бірдей автокөлік соқтығысып, ірі жол апатына ұшырады. Соның кесірінен қаланың Әл-Фараби даңғылында үлкен кептеліс болған. Рөлге ие бола алмай қалған темір тұлпар иесі төрт машинаға зақым келтіріп, екі шыршаны қиратыпты. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Кеше кешкісін әл-Фараби даңғылындағы кептеліс көптің мазасын қашырды. Сағаттап жол бойында тұрғандарды ірі жол апаты бөгеген. Алдын ала мәлімет бойынша Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі шығыс бағытта келе жатып, бірінші қатардан екінші қатарға ауыспақ болған. Алайда, жолай келе жатқан Hyundai Sonata және Accent маркалы темір тұлпарлармен соқтығысыпты. Осыдан кейін қарсы бағытқа шығып тағы да екі көліктің тас талқанын шығарды. "Екі машинаны ана бетте үшінші машинамен соғысқан. ДТП". "Сонымен қатар апат салдарынан тағы екі шырша қираған. Ал оның құнын алдағы уақытта соттың шешімімен кінәлі деп танылған темір тұлпар жүргізушісі төлейтін болады". Оқиға салдарынан Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі мен Sonata-да отырған жолаушы түрлі дене жарақаттарын алған. Қазіргі уақытта қажет сараптамалар тағайындалып істі Бостандық аудандық полиция басқармасы бақылауына алыпты.

Салтанат ӘЗІРБЕК, Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі: "Нәтижесінде екі адам зардап шегіп, қазіргі таңда тергеу амалдарын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүзеге асыруда. Екі азамат та медициналық жәрдеммен медициналық мекемелерге жөнелтілген болатын".
Ал, Қазгидромет мамандары бүгін шаһарда қар аралыс жаңбыр жаууы мүмкін деген болжамдарын айтуда. Сондықтан жүргізушілерге аса сақ болғаны абзал дейді. Өйткені, соңы көктайғақққа айналуы мүмкін. https://youtu.be/xKKbdQmfjsU

Жүктелуде...