Кәмелетке толмаған үш қыз антисептик ішіп, қатты уланған

Кәмелетке толмаған үш қыз антисептик ішіп, қатты уланған

ашық дереккөзі

 width= Павлодарда арнайы орталықтың үш тәрбиеленушісі антисептик ішіп, қатты уланған. Кәмелетке толмағандар ауруханаға жеткізілді, біреуі қайтыс болды. Қайтыс болған қыз 2003 жылы туған, қалған екеуі 2004 жылы туған екен. Қайғылы оқиға осы жылдың 2 қаңтарында болыпты. Бүгін бұл ақпаратты ресми органдар растады.

"Антисептик қолданған бойжеткен уланып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Кейінірек, өкінішке қарай, ол қайтыс болды. Ауруханаға жеткізілген тағы екі қыз сауығып кетті. Қазір олардың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ", - деді Өмірі қиын жағдайдағы балаларды қолдау аймақтық орталығының директоры Николай Қожахметов.
Оның айтуынша, оқиға кезінде тәрбиеленушілер арнайы орталықтың медициналық блогында болған, бірақ балалар үшін антисептик кез келген жерде қолжетімді болған.
"Бізде бұл санитайзерлер әр бес метр сайын ілініп тұрды. Біз тіпті біреу бұл антисептикті ішеді және мұндай қайғылы жағдай болады деп ойламадық", - деді Қожахметов.
Дәрігерлердің айтуынша, 17 жастағы науқас ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер оны құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған. Алайда бір жарым сағаттан кейін қыз есін жимастан қайтыс болған. Кейін тағы кәмелетке толмаған екі бала уланып ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр болмаған соң тез сауыққанын айтты. Қайтыс болған қыз Ақсуда колледждің екінші курсында оқыған. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.

Жүктелуде...