Жазушы Әнес Сарай қайтыс болды

Жазушы Әнес Сарай қайтыс болды

ашық дереккөзі

 width= Жазушы, драматург әрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сарай Әнес Төлендіұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі.  Суық хабар туралы Дархан Қыдырәлі өзінің ресми парақшасында жазды. 1937 жылы Ресейде, Астрахан облысы, Володарский ауданы, Кірмалай ауылында туған. ҚазҰУ-ды бітірген. «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында редактор, Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған. Ол Батыс Алашорда тарихын қамтитын «Еділ-Жайық» романының және Алаш козғалысына қатысты деректі материалдардың авторы. «Мұнаралар шақырады» (1969), «Бозқырау» (1973), «Қараша өткен соң» (1974) атты әңгіме-повестерінде, «Тосқауыл» (1976), «Алтын арал» (1984), «Еділ—Жайық» (1994) романдарында Астрахан—Атырау өңірі еңбеккерлерінің өмірін, тыныс-тіршілігін арқау еткен. «Мұхаммед пайғамбардың өмірі», «Исатай мен Махамбет», «Қу тазша», «Тойтиып қалды», «Ару Алматы», «Мұңым менің», «Аңсау» пьесаларының авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996).

Жүктелуде...