Махамбет ауданында 2 ірі жоба жоспарлануда

Махамбет ауданында 2 ірі жоба жоспарлануда

ашық дереккөзі

 width= 2021 жылы жалпы құны 7,1 млрд.теңге құрайтын 2 ірі жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.  - Біріншісі, «Meken Chiken» ЖШС-нің «Бройлерлік құс етін өндіру кешенін салу» жобасы, құны 5,9 млрд.теңге. Жоба іске қосылған жағдайда 79 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, «Жумагалиева» ШҚ «4 гектар жерге жылыжай салу» жобасы, құны 1,2 млрд.теңге. Жоба іске асырылған жағдайда 40 адамды жұмыспен қамтиды. Қазір жылыжай құрылысы басталды. Жалпы жоспар бойынша 16 гектар жерге жылыжай салынатын болады, - деді Зұлхарнай Мұқаш.

Жүктелуде...