Ресей Қазақстан тұрғындарына азаматтық беруді үдетті

Ресей Қазақстан тұрғындарына азаматтық беруді үдетті

ашық дереккөзі

 width= Ресей бұрынғы кеңес елдерінен көшкісі келгендерде көптеп азаматтық беріп жатыр. Бұл жайлы FinExpertiza халықаралық талдау қызметі хабарлады. Ресей Ішкі істер министрлігінің миграциялық статистикасын салыстырған мамандар Ресейдің көші-қон саясатын күшейткенін анықтады. Мәселен, Ресей 2018 жылы көшіп келген 270 мың адамға азаматтық берсе, 2019 жылы 500 мың адамға, ал 2020 жылы 656 мың адамға азаматтық әперген. "Ресей үшін бұл рекорд көрсеткіш. Мұндай жаппай азаматтық беру саясаты 2005 жылы ғана болған. Ол кездің өзінде 500 мың адамға ғана таратылған еді", - делінген ұйымның баяндамасында. Соған қарағанда, Ресей көші-қон саясатын жеңілдетіп, бұрынғы кеңес елдерінен қоныс аударғысы келгердерге азаматтық беруді басты назарға алса керек. Ресейге қоныс аударушылардың көш басында – Украина тұр. Былтыр 410 мың украин азаматы орыс азаматтығын алған. Бұл – түсінікті жайт. Өйткені Ресей Қырымды басып алғаннан кейін ДНР, ЛНР сынды бейресми мемлекеттердің тұрғындарына жаппай ресей азаматтығын таратты. Одан кейінгі орында – Тәжікстан тұр. Тәжік елінен 63 мың адам орыс азаматтығы алған. Ал үшінші орында тұрған – қазақстандықтар. Былтыр 43 мыңнан аса қазақстандық азамат көрші елге көшіп, ресей азаматтығын алған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,6% көп.

"Ресейде жұмысшылар жетіспейді. Әсіресе, орталық азия елдерінің мигранттарына мұқтаж. Өйткені жалақы аз төлеп, қара жұмыс істетуге ыңғайлы. Кейін Ресейге көшіп барған соң тұрақтап, сол елдің азаматтығын алып жатыр", - деп түсіндірді FinExpertiza президенті Елена Трубникова.

Жүктелуде...