Қазақ футболына құйылатын ақша да, нәтиже де «нөлдерден» тұрады

Қазақ футболына құйылатын ақша да, нәтиже де «нөлдерден» тұрады

ашық дереккөзі

 width= Қазақ футболының тағдыры жанкүйердің үмітін ақтауды емес, миллиардтап құйылған ақшаны алуды ғана көздеп келеді ме? Ойыншылардың алаңда доп тебе алмауына кім кінәлі? Бәріне жемқорлықты әкеліп телуге бола ма?  Алайда, ойыншылардың намысы мен жанкүйер алдындағы абыройы ше? Әлде намыс пен абыройды көтеру үшін де ақша сұрайтын күнге жеттік пе? Бұл 2021 жылға арналған Қазақстандағы футбол клубтарының бюджеті. Кейбірі әлі нақтыланбаған. Нақтыланбаған санды айтпағанда, бір «Ордабасының» өзіне 3,5 млрд теңге бөлінген.  width= Осындағы әр цифрды қосып жіберсеңіз, кемі 18 млрд теңгеден асады. Өзі 18 миллион халық, 18 млрд теңге бөліп футболшыларына жағдай жасап отыр. Ал ойыншылардың жауабы тек «ең бастысы жеңіс емес, қатысу» дегенмен шектеліп жатқан жоқ па?! https://www.youtube.com/watch?v=Evu6C2a7rgo&feature=emb_title Өткенде ғана болашағынан үміт күттіріп отырған жастарымыз (U17) 1-7 есебімен Тәжікстаннан ойсырай ұтылды. Бұл ғана емес, 2015 жылғы Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жастары Грекиядан 0-6 есебімен ұтылса, 2017 жылы Франциядан 0-5, 2018 жылы Португалиядан 0-10 есебімен, 2019 жылы Германиядан 0-5 есебімен жеңілген. Жоғарыдағы бюджеттің нөлдері мен нәтижеміздің де нөлдері теңесіп қалған секілді. Дәл осы мәселе туралы Aladop.kz сайтының бас редакторы әрі қазақстандағы белгілі спорт комментаторларының бірі Ермұхамед Мәулен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видеожазба қалдырып, онда дәл осы жастарды баптап отырған бапкерлердің әлі де болса футбол федерациясында отырғанын, олар кетпейінше ешнәрсе өзгермейтінін жеткізген.

Жүктелуде...