Түркістан облысы бойынша 28 сәуір күні Арыс қаласының үш азаматы коронавирус инфекциясынан айығып, үйлеріне оралды, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.
1968 ж. азамат 4 сәуір күні КВИ диагнозы, қосалқы диагнозы жедел пневмония, артериальді гипертензиямен ауруханаға түскен. Алынған емнен кейін жағдайының жақсаруына және 2 рет ПТР зерттеуі теріс нәтижесіне байланысты науқас үйіне шығарылды.
Арыс қаласының 1974 ж. тұрғыны 10 сәуір күні КВИ расталған жағдай, жедел бронхитпен ауруханаға жатқызылды. 26 сәуір күні ПТР зерттеуі теріс нәтиже көрсетіп, науқастың жағдайы жақсаруы себепті ауруханадан шықты.
Арыс қаласының 2018 ж. туған кішкентай тұрғыны да 5 сәуір күнгі талдама қорытындысы бойынша ковид-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Алынған емнен кейін жағдайының жақсаруы және 26 сәуір күнгі соңғы ПТР зерттеуі теріс нәтижесіне байланысты науқас үйіне оралды.
Жалпы облыс бойынша індет жұқтырғандар саны – 117, жазылғандар саны – 29.