Вакцинациядан кейін қазақстандықтарға QR кодтар беріледі

Вакцинациядан кейін қазақстандықтарға QR кодтар беріледі

ашық дереккөзі

 width= COVID-19-қа қарсы вакцинациядан кейін қазақстандықтарға QR кодтар беріледі, - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеке иммундық мәртебесі туралы QR код ақпаратымен қамтылған Egovmobile мобильдік қосымшасын іске қосу жоспарланып отыр, ол Ashyq медициналық қосымшасына кіріктірілген, - деді Цой.
Оның айтуынша, онда азаматтардың медициналық ақпараттық жүйесі толықтырылған, соның ішінде QR-код та бар, ол арқылы адамның COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өткен-өтпегендігін білуге болады. Министр ел азаматтарын коронавирусқа қарсы вакцинациялау және ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық шаралар қабылданғанын және 1 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинациялау науқаны басталғанын еске салды.
Осы жоспар аясында вакцинацияны ұйымдастыруға және жүргізуге арналған әдістемелік ұсыныс жасалды, сонымен қатар вакциналарды сақтау мен тасымалдау ережелері түзілді, жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде, - деді Цой.

Жүктелуде...